Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың ашылғанына 85 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың ашылғанына 85 жыл толды

17.10.2017

Осыған орай «Кітапхана заманауи ақпарат кеңістігінде» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Онда еліміздің және шетелдің білікті мамандары кітапхана ісін әлемдік озық үлгімен жетілдірудің жолдарын кеңесті. Себебі, оқырманға ғылым-технологияның жетістігін пайдалана отырып тиімді жағдай жасау, олардың білім игеруге деген құлшынысын арттырады. Сондықтан, болашағын біліммен байланыстыратын елдер кітапхананы заман талабына сай жабдықтауға баса мән береді.

Жалпы, Орталық ғылыми кітапханада 6 млн. кітап қоры, 300 мың сирек кездесетін қолжазба сақталған. Қазіргі таңда осы сирек қолжазбалар мен кітаптарды сандық форматқа ауыстырып, көпшіліктің назарына ұсыну қолға алынған. Бұл тарихи еңбектерді барынша зерттеп ғылыми айналымға енгізу ғалымдардың еншісінде, - дейді кітапханашылар.

Нұрлан Сейдін, тарих ғылымының кандидаты:   

 - Орталық ғылыми кітапхана бұл ғалымдарға арналған кітапхана. Бұл жерде жаңа да айттым, тек қана Қазақстан емес бүкіл шетелде шығып жатқан ғылыми басылымдар жинақталған. Сонымен қатар, әлемнің 65 мемлекетінен жалпы ғылыми басылымдармен, кітап алмасу мәселесі жолға қойылған.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу