Алматы хайуанаттар бағына - 80 жыл
Алматы хайуанаттар бағының ашылғанына биыл - 80 жыл толды. Осыған орай, қала әкімі Бауыржан Байбек бақты аралап, бүгінгі жағдайымен танысты. Мерекеге орай шаһар тұрғындары мен қонақтары хайуанаттар бағында тегін қыдырды. Жалпы, Алматы хайуанаттар бағы Орта Азиядағы ең ірі хайуанаттар бағы. Оның құрылу тарихы сонау 1937-ші жылдан басталады. 21 гектарға жуық аумақты алып жатқан бақта бүгінде аңдардың 341 түрі өсіп-өнуде. Олардың 31-і «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін жануарлар. Соңдықтан, қазіргі таңда Алматы хайуанаттар бағын жыл сайын 500-600 мың адам тамашалауға келеді.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04