«Classic» радиосының ашылғанына 7 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосының ашылғанына 7 жыл толды

25.06.2018

Биыл «Qazaqstan» корпорациясының құрамына кіретін «Classic» радиосының ашылғанына 7 жыл толды. Аз уақыт ішінде өз тыңдармандарын қалыптастырған радионың қызметкерлері бұл қуанышты күнді ерекше атап өтті. Радионың 7 жылдығына «Qazaqstan» корпорациясының төрағасы Ерлан Қарин де қатысты. Ол қызметкерлерді құттықтап, алдағы уақытқа жетістік тіледі.

«Classic» радиосының 7 жылда өзіндік айрықша үлгісі қалыптасты. Түрлі бағдарламаларымен халықтың көңілін баурап, классикалық музыкасымен тыңдарман жүрегін жаулады. Бұдан былай, радио толқынында классикалық музыкадан бөлек, қазақтың әуезді әндері де тарайды. Әрі жаңа бағдарламалар да ашылмақ.

Раушан Жұманиязова, «Classic» радиосының креативті продюсері:

- Бұл классикалық музыкаларды рахаттана тыңдайтын жалғыз радио. Сондықтан, біз оның әрбір жетістігімен мақтанамыз. Күн сайын тыңдармандарымыз үшін жасампаздылық танытуға тырысамыз. Қазір бізді 3 қаланың халқы тыңдайды. Жақын арада Шымкент және Қарағандыны қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, Лос-Анджелес, Пиар-Классик сияқты әлемдік радиостанциялардың барлығымен жұмыс істейміз.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу