«Даиш» террористік тобы тәжік-өзбек шекарасына шабуыл жасады

06.11.2019

Кеше түнде тәжік-өзбек шекарасында атыс болып, 17 адам мерт болды. Сақшылар бекетіне бетін тұмшалаған 20 шақты адам шабуыл жасаған. Одан Тәжікстанның бір шекарашысы мен ішкі істер министрлігінің жауынгері жан тәсілім етті. Шабуылшылардың 15-і жойылып, бесеуі қолға түсті. Тәжікстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мәлімдеуінше, бекетке шабуыл жасағандар – «Даиш» террористік тобының мүшелері. Қарулы ұйым содырлары елге «арнайы миссиямен» осы айдың басында Ауғанстаннан енген.

Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетсек, «Ишкобод» шекара заставасы Душанбеден батысқа қарай 50 шақырым жердегі Рудаки ауданында орналасқан.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу