Тәжік-өзбек шекарасындағы атыстан 17 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-өзбек шекарасындағы атыстан 17 адам мерт болды

06.11.2019

Өткен түнде тәжік-өзбек шекарасында атыс болып, 17 адам мерт болды. Сақшылар бекетіне бетін тұмшалаған 20 шақты адам шабуыл жасаған. Одан Тәжікстанның бір шекарашысы мен ішкі істер министрлігінің жауынгері жан тәсілім еткен. Мұны бүгін осы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 

Шабуылшылардың 15-і жойылып, бесеуі қолға түскен. 

Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетсек, кенеттен шабуылға ұшыраған «Ишкобод» заставасы Душанбеден батысқа қарай 50 шақырым жердегі Рудаки ауданында орналасқан.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу