Брюссельдегі террактілерден қаза тапқандардың нақты саны - 32 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельдегі террактілерден қаза тапқандардың нақты саны - 32

30.03.2016
Брюссельдегі террактілерден қаза тапқандардың нақты саны - 32
Терактілерден әуелде хабарланғандай 35 адам емес, 32 адам мерт болған.

Ресми деректерге сай, екі елдің азаматтығы бар үш құрбанның аты-жөні тізімге қателікпен екі рет жазылған. Ал, жараланғандардың саны шамамен 250 кісі. Брюссельдегі дүмпулер наурыздың 22-де таңертең болған. Әуелі екі бомба әуежайда, кейін үшіншісі метро станциясында жарылған. Шабуыл үшін жауапкершілікті «ДАИШ» қарулы тобы өз мойнына алды.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу