Қазақ-өзбек шекарасында 40-тан астам тәжік азаматы еліне өте алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек шекарасында 40-тан астам тәжік азаматы еліне өте алмай жүр

05.06.2020

Қазақ- өзбек шекарасына тағы 40-тан астам тәжік азаматы жиналып қалды. Олар да елімізге напақа іздеп келіп, карантин кесірінен, Отанына қайта алмай жүргендер. Арасында ай-күні жетіп отырған жүкті әйелдер де бар екен. Кеше ғана осы «Жібек жолы» өткізу бекетінде екі ай бойы сенделген 236 тәжікстандық отанына оралған еді. Енді азаматтардың келесі легін өткізу мәселесін Тәжікстан мен Өзбекстан тағы да өзара шешу керек.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу