Алматылықтар Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған қойылымды тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған қойылымды тамашалады

06.11.2019

Алматыда көрнекті жазушы, драматург Бейімбет Майлин 125 жылдығына арналған қойылым сахналанды. 

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері көрермендерге жазушының балалық шағы, жас кезі мен өмірінің соңғы жылдарын бейнеледі. Спектакльді тамашалауға зиялы қауым өкілдері, жазушының ұрпақтары, ұстаздар мен жастар келді. Олардың сөзінше, бұл қойылым ұлт зиялысы Бейімбет Майлиннің шығармашылығын кеңінен насихаттап, жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге септігін тигізеді. Бұған дейін спектакльдің премьерасы Қостанай облысында жазушының туған жерінде қойылған.

Бауыржан Жақып, ақын, филология ғылымдарының докторы:

Ол кісі 69 кітап қалдырған екен. Қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде. Өзінің замандастары Сәкен, Ілиястардың өзі, Мұхтар Әуезовтер, Ғабит Мүсіреповтер - барлығы Бейімбетті ең өнімді қаламгер деп бағалаған.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу