Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған торқалы тойдың түндігі түрілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған торқалы тойдың түндігі түрілді

12.02.2020

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған торқалы тойдың түндігі түрілді. Мыңнан астам адамды қамтыған айтулы шараға ұлы тұлғаның еңбегін зерттеуші ғалымдар мен белгілі зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері де қатысты. Рухани кеште көрермен ақынның әндерін тыңдап, «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деп аталатын әдеби -музыкалық театрландырылған қойылымды тамашалады. Алдағы уақытта мұнайлы өңірде ұлт мақтанышын ұлықтауға бағытталған 40-қа шуық түрлі шара өтеді. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының еңселі ескерткіші де орнатылмақ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу