Бүгін – Бейімбет Майлиннің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Бейімбет Майлиннің туған күні

15.11.2015
Бүгін – Бейімбет Майлиннің туған күні

Бүгін – қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туған күні. Ол Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Жастайынан жетім өсіп, байларға жалданған ол ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. 1911-15 жылдары Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы қазақ-орыс мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде білім алған. Тұңғыш туындысын – «Шұғаның белгісі» повесін осы Ғалия медресесінде оқып жүрген кезінде жазған.

1922-23 жылдары «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болды.

Бейімбет Майлин - проза, поэзия, драматургия саласында бірдей қалам тартқан тұлға. «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмаларының, 25-ке жуық пьеса, либретто, сценарилердің, «Азамат Азаматович» романының авторы. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.

Айта кетейік, жазушының 74 бүркеншік есімі болған.

«Үш бәйтеректің» бірі – Бейімбет Майлин 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, саяси репрессияның құрбаны болды. 

Хабарламаларға жазылу