Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге өтінімдер қабылдау басталды

06.11.2019
Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге өтінімдер қабылдау басталды

Өтініш берушінің ай сайынғы табысы 101 000 теңге болуы шарт. 

Балл қалай саналады?

    • «Еңбек» бағдарламасына кіретін 100 сұранысқа ие кәсіптің бірін меңгерген өтініш берушіге – 10 балл;

    • Отбасылы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2 балл;

    • 1 бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл;

    • Кемі 1 жылдан бері жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болсаңыз – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

    • Түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктері – 2 балл;

    • Бюджеттік ұйым қызметкерлеріне – 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл;

    • Екінші деңгейлі банктердегі (депозиттеріндегі) жинағының әрбір жылы үшін – 2 балл.

Балл тең болған жағдайда өтінішті бұрын берген үміткерлер басымдыққа ие болады. 

  1. Баспаналардың жалпы ауданы - 70-90 шаршы метр
  2. Жалға беру құны шаршы метрге байланысты айына 5-тен 15 мың теңгеге дейін;
  3. ІМ жас қызметкерлері мен тұрғын үй төлемдерін алмайтын әскери қызметшілер қатыса алады.
  4. Құжаттар 10 қарашаға дейін қабылданады

Қосымша ақпарат — 109. 


Хабарламаларға жазылу