Алматыда жалдамалы баспанаға өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалдамалы баспанаға өтініш қабылдау басталды

15.11.2021

Алматыда жалдамалы баспанаға өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама 29 жасқа дейінгі жұмысшы жастарға арналған. Үй 5 жылға мерзімін ұзарту құқығынсыз жалға беріледі. Осы уақыт ішінде жастар өзінің пәтеріне деп ақша жинауы тиіс. Өтінішті кез келген салада еңбек етіп жүрген жастар бере алады. Тек қалада екі жыл тіркеуде тұрған, басында баспанасы жоқ және жалақысы 116 мың теңгеден жоғары болуы керек. Өтініш электронды түрде www.almaty-jastary.info сайтында қабылданады. Ал жеңімпаздар ұпай арқылы анықталмақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу