Алматыда жұмыс істейтін жастарға 250 пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұмыс істейтін жастарға 250 пәтер беріледі

05.01.2020
Алматыда жұмыс істейтін жастарға 250 пәтер беріледі

Алматы әкімдігінде «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды.

«2020 жылдың 5 қаңтарынан 20 қаңтарына дейін Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында 29 жасқа дейінгі жұмыс жасайтын жастар арасында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беру» бағыты бойынша құжат қабылданады», - деді басқармадан. 

Жалға берілетін пәтерлер Алматы аймағында 5 жылға мерзімге беріледі. Бүгінде Алатау ауданында 255 пәтер берілуге дайын. 

Бағдарламаға қатысу шарттарымен бағдарламаның ресми сайтында танысуға болады.


Хабарламаларға жазылу