Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жалдамалы пәтер салынуы мүмкін

04.11.2019
Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған жалдамалы пәтер салынуы мүмкін

2022 жылдан еліміздің басқа да өңірлерінің жастарына жалдамалы пәтер салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

2019 жылы 3 000 пәтер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 5 жыл мерзімге жалға берілетін болады. Болжанған жалдау ақысы 15 мың теңгеден аспайды. Ал тұрғын үй алаңы - кемінде 40 шаршы метр. Нұр-Сұлтан қаласында пәтерлерге құжаттар қабылдау бүгін басталды. Алматы қаласы бойынша 200-ден аса өтінім түскен. Алдағы 3 жыл ішінде осындай 9 мың пәтер беріледі. Сонымен бірге, егер Сіздер қолдасаңыздар, жастарға арналған жалдамалы баспананы еліміздің басқа да өңірлерінде 2022 жылдан бастап салу мәселесін көтеруге болады», - деді министр.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу