Қызылода облысында «Протон-2019» оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылода облысында «Протон-2019» оқу-жаттығуы өтті

04.11.2019

Байқоңырда азаматтық қорғаныс пен күштік құрылымдардың «Протон-2019» республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Далалық жерде ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштардың апатына қарсы арнайы жасақтардың дайындығы пысықталды.

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен оқу-жаттығуына 70-ке жуық техника, 300-ден астам адам жұмылдырылды. Жоспарға сәйкес ғарыштан зымырантасығыш құлаған жағдайда азаматтық қорғаныс пен күштік құрылымдардың шұғыл іс-қимыл әрекеті көрсетілді. «Жалпы, мұндай қауіп-қатердің алдын алу кезінде жеке құрам сақадай сай, дайын болуы қажет», - дейді төтеншеліктер.

Асылхан Құдайбергенов, ҚР ІІМ ТЖК басқарма басшысы:

Оқу-жаттығу аясында Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырантасығышты дер кезінде анықтап, залалсыздандыру жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ, ең бірінші сол аймақтағы халық ақпараттандырылып, эвакуация жасалынды. Мұндай кезде төрт түлікке дейін апат аймағынан оқшауланып, көшіріледі. Одан соң зақым келген жер аумағына рекультивация жасалмақ. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу