Жастарға арналған жалдамалы пәтер үшін құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды

11.09.2019
Жастарға арналған жалдамалы пәтер үшін құжаттар қашан қабылданатыны белгілі болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында жастарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында арзан бағада жалға баспаналар беру мәселесін қозғап, тиісті тапсырмалар берген болатын. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді құжаттар қараша айында электронды түрде жүргізілетінін мәлімдеді.

«Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 245 мыңнан аса жас азамат бар. Осы бағдарламаға сәйкес жыл соңына дейін жастарға 1050 пәтер беру қарастырылған. Дәл қазіргі уақытта осы пәтерлердің конкурстық құжаттары дайындалып жатыр. Жоспар бойынша қараша айынан бастап құжаттар қабылданады. Ол үшін арнайы бір жерге барып кезекке тұрудың қажеті жоқ. Құжаттарды қабылдау Smart Astana платформасында толығымен электронды түрде өтеді. Оны уақыты жақындағанда тағы да хабардар етеміз», - деді Талғат Рахманберді.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу