Түркістанда көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге шәкіртақы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда көпбалалы отбасыдан шыққан студенттерге шәкіртақы тағайындалды

01.11.2019

Түркістан жоғары медицина колледжінің студенттеріне шәкіртақы тағайындалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен медицина жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы көпбалалы отбасыдан шыққан жастарға осындай сый жасады. 

Орта буынды медицина мамандарын даярлайтын бұл оқу орнында бүгінде 8 жетім, көпбалалы отбасынан шыққан 1150 бала оқиды. Арнайы стипендияға іліккендердің бірі - Жандос Бақыт. «Медбике ісі» мамандығының 3-курсында оқиды. Түрлі білім бәсекелерінде топ жарған. Коғамдық жұмысқа белсенді. Енді ол осы ынта-ықыласының арқасында ай сайын 16 мың теңге шәкіртақы алатын болады. 

Айта кетейік, «Денсаулық» кәсіподақ ұйымы бұған дейін Жетісай медициналық колледж студенттеріне де дәл осындай қолдау көрсеткен.

Жандос Бақыт, студент:

Мұның өзі мен үшін үлкен абырой. Өйткені 2000-нан астам студенттің арасынан екі студент алынып отыр. Соның бірі - мен. 

Хабарламаларға жазылу