Ғарышкер үздік студенттерге шәкіртақы табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғарышкер үздік студенттерге шәкіртақы табыстады

28.02.2017
Бүгін ғарышкер Тоқтар Әубәкіров «Тұран-Астана» университетінің үздік студенттеріне арнайы шәкіртақы табыстады. Атаулы стипендия 2011 жылдан бері тағайындалып келеді.
Әр оқу жылы сайын оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын 5 студент батыр атындағы шәкіртақымен марапатталады.
Ерекшелігі сол, стипендианттарды жасырын дауыс беру арқылы студенттердің өздері анықтайды. Осы уақытқа дейін 30-ға тарта білім алушы шәкіртақы иегері атанған.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу