Бүгіннен бастап шәкіртақы көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап шәкіртақы көбейді

13.10.2022

Бүгіннен бастап шәкіртақы көбейді. Жоғары оқу орындарында студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес енді университет студенттері 31 мың теңгенің орнына 36 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық. Интерндерге 66 мың, магистранттарға 87 мың теңгедей төленеді. Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 мың теңге болатын. Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу