Қорықшы Ә.Кенжеғұлов Президент Жарлығымен 3 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорықшы Ә.Кенжеғұлов Президент Жарлығымен 3 дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

31.10.2019

Браконьерлердің ізін кесемін деп қаза тапқан қызылордалық қорықшы Әділ Кенжеғұлов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен нагрдатталды. Мемлекеттік марапат қызметтік борышын өтеу барысында батылдық пен жанқиярлық ерлік көрсеткен инспектордың ата-анасына табысталды.

Арнайы Сыр өңіріне келген еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Әділ Кенжеғұловтың шаңырағында болып, қара жамылған отбасыға көңіл айтты. Заңсыз аң аулаушыларды құрығына түсіремін деп оқыс оқиғада жан тапсырған 34 жастағы қорықшының артында ата-анасы, жұбайы мен үш баласы қалды. Осы күні «Достық үйі» ғимаратында қамшының сабындай қысқа ғұмырында табиғатты қорғап өткен Әділ Шарапатдинұлының есімін ұлықтау шарасы өтті.

Шарапатдин Кенжеғұлов, марқұмның әкесі:

Жауапкершілігі жақсы еді ғой, ортасында ұйымшыл тұғын, достары көп болды. Көнеміз амал жоқ. Қалай қыламыз...

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу