Қарағандыда белгісіз біреулер көлікке оқ атқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда белгісіз біреулер көлікке оқ атқан

30.10.2019

Қарағандыда белгісіз біреулер көшедегі көлікке оқ атқан. Қазір полиция бұзақыларды іздестіруде. 

Instagram желісінде Бұқар жырау және Чкалов көшелерінің қиылысында белгісіз біреу травматикалық қарумен оқ атты деп тараған бейнежазба тексерілді. Бірақ жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызбен шағымданбаған. Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта көлікке оқ атқандарды анықтау мақсатында жедел шаралар жүруде.

Бұл - осы бір ай ішіндегі екінші бұзақылық әрекет. Қаладағы 45-ші квартал аялдамасында белгісіз біреу қоғамдық көлікке пневматикалық қарудан оқ жаудырған еді.  

Жанатай Сембеков, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:

«Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта бұзақыны анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу