Белгісіз біреулер жолаушылар ұшағына оқ жаудырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгісіз біреулер жолаушылар ұшағына оқ жаудырды

25.06.2014
Белгісіз біреулер жолаушылар ұшағына оқ жаудырды
Пәкістанның Пешавар қаласындағы әуежайда оқыс оқиға болды. Жолаушылар мінген ұшақ қону жолағына беттей бергенде, оған белгісіз біреулер оқ жаудырып, 1 адам қаза тапқан. Үш экипаж мүшесі жараланды.
 
Сауд Арабиясынан шыққан ұшақ бортында барлығы 178 жолаушы болған. Қауіпсіздік күштері оқиға орнын қоршауға алып, шабуылшыларды іздестіріп жатыр. Атысты ешқандай топ мойнына алған жоқ. Ал, бұдан бірнеше апта бұрын тәліптер Карачи қаласы әуежайын шабуылдап, 30-ға жуық адам мерт болды. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу