Түркістанда белгісіз біреулер көшеде оқ атқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда белгісіз біреулер көшеде оқ атқан

26.04.2021

Түркістан қаласында белгісіз біреулер тапа-тал түсте көшеде оқ атқан. Қылмыстық оқиғаны сол маңда жүрген тұрғындар ұялы телефондарына түсіріп алған.

Әлеуметтік желіге лезде тарап кеткен бейнекөрністе Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде белгісіз екі ер адам бір жігітті қуып келе жатқаны түсіп қалған. Олар тіпті қашқан адамға көшенің ортасында травматикалық қарудан оқ атқан. Ал, қара түсті жеңіл көлік жүргізушісі жолдың жиегінде күтіп тұрғанын көруге болады. Ақыры қашқан жігітті қолға түсірген үшеу оны күштеп көлікке отырғызып, алып кеткен. Бейнекөріністен тағы оларға қосымша көліктер жеткенін байқауға болады. Кейіннен жергілікті тұрғындар «WhatsApp» желісінен «Айдарды Дәурен алып кетті» деп дыбыстық жазба таратты.

Қазір осы оқиғаға байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, күдіктілерді ұстау шаралары жүргізілуде. Полицейлер өзге ақпараттардың тергеу құпиялылығына байланысты жария етілмейтінін хабарлады.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу