Бангкокте үкіметке қарсы шеруге шыққан халыққа оқ жаудырылды

11.01.2014
Бангкокте үкіметке қарсы шеруге шыққан халыққа оқ жаудырылды

Тайланд астанасы Бангкок орталығында оппозиционерлерге оқ жаудыру кезінде кем дегенде 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Тайланд басылымдарының хабарлауынша, 11 қаңтар күні түнде Демократия монументінде жиналған манифестанттарға бірнеше рет белгісіз біреулер келіп, шабуыл жасаған. Алғашқы шабуыл кезінде жасөспірім жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Сонымен қатар манифестанттарға қарай қолдан жасалған жарылғыш зат лақтырылған. Ол кезде тағы бір адам жарақаттанды, деп жазады Nation басылымының интернет нұсқасы.

Екінші шабуыл Бангкоктегі оппозиционерлердің басты жиын орны болып табылатын Демократия монументі маңында 1,5 сағаттан кейін қайталанды. 20 мотоцикл және 3 көлікке мінген бір топ адам жиналған халыққа оқ жаудырған. Төрт адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алып, ауруханаға түсті. Дегенмен тайландтық ақпарат агенттіктің бірі зардап шеккендердің жалпы саны жетіге жетті деп хабарлады.

Хабарламаларға жазылу