Шымкенттегі атыстан екі адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі атыстан екі адам жараланды

20.01.2015
Шымкенттегі атыстан екі адам жараланды

Оқыс оқиға кешкі 10-дар шамасында қала көшелерінің бірінде болған.

Абай аудандық прокуратурасы қызметкерлерінің айтуынша, Бауыржан Момышұлы көшесімен көлікте келе жатқан азаматты белгісіз біреулер қуып жетіп, оқ жаудырған.

Көп ұзамай көше бойында оқ атқан бес адам қолға түсті. Уақытша ұстау абақтысына қамалғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергеуге алынды.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу