Түркістан облысында елімізде бірінші күн электр стансасы салынады. Премьер-Министр Асқар Мамин жасыл энергетика саласына инвестиция тартуды және осы саланы мемлекеттік деңгейде қолдауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Шелл, Эни, Тоталь Қазақстанның баламалы энергетика саласына инвестиция құюға ниетті. Қазірдің өзінде жаңартылатын энергия секторына шамамен 406 миллиард теңге тартылды. Салынған нысандар шамамен 81 миллиард теңге салық төлейтін болады. Сондай-ақ нысандарды салу кезінде қазақстандық инженерлер, құрылысшылар және қосалқы жұмысшылар тартылады. Бұл ретте, 1 мыңға жуық тұрақты «жасыл» жұмыс орны құрылды.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:
Мысалы, 4 жыл бұрын 200 мвт болса... Қуаттылығы болады.
Үкіметте «Еңбек» бағдарламасының іске асу барысы да сөз болды. Үш жыл ішінде аталған бағдарламаға 1,7 миллион адам қатысқан. Олардың көпшілігі жастар. Жыл басынан бері 24 мыңға жуық адам бизнес бастау жобасы бойынша білім алған. Асқар Мамин 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Ғабит БӨКЕНБАЙ