Елбасы Беларусь президенті Александар Лукошенкомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Беларусь президенті Александар Лукошенкомен кездесті

25.10.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Тұңғыш Президент екі ел арасындағы достық қатынасты сақтап, әрі қарай арттыра берудің маңыздылығын атап өтті. «Әлем күн сайын өзгеруде. Сондықтан осы уақытқа дейінгі қол жеткізген жақсы нәтижелерімізді сақтап қалуымыз керек»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. Александр Лукашенко болса, ынтымақтастықты әрі қарай дамыта беру аса маңызды екендігіне тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы:

Біз қиын да, жақсы да сәттерді бірге бастан өткердік. Екі ел бір біріне қарап бой түзеді, бір бірінен көп нәрсе үйренді. Сіз өз еліңіз үшін көп нәрсе істедіңіз. Достығымызды әрі қарай нығайтып, алыс беріс пен барыс келісті нығайта беретінімізге сенімдімін.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

Тарихтың өзі Қазақстан, Ресей және Белорусь Республикасын пост кеңестік елдердегі интеграцияның өзегі ретінде белгілеп қойды. Ал Қазақстан болса, бұл интеграцияның қозғаушы күші ретінде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан алыс беріс пен барыс келісті бәсеңдетуге болмайды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу