Боливиядағы наразылық одан ары өршіді
Боливияда президенттік сайлаудың соңғы нәтижелері белгілі болғаннан кейін, көшедегі қақтығыстар тіптен өршіді. Алдын ала санақ бойынша, қазіргі президент Эво Моралес 47,07 пайыз дауыс жинаған. Бұл – оның қарсыласынан 10,56 пайызға артық. Сондықтан сайлаудың екінші айналымы болмайды.
Оппозиция мен халықтың ашуын тудырған да - осы. Олар, дауыс беру процесінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін айтып, сайлаудың екінші туры өткізілсін дейді.
Наразы демонстранттар ел астанасымен қатар, тағы бірнеше қалада 3 күннен бері көшелерде от қойып, полициямен қақтығысып жатыр. Моралес оларды «төңкеріс жасамақ болған батыстың адамдары» деп айыптаған. Бұған ашынған халық оны «диктатор» деп атап, биліктен кетуін талап етіп отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10
Медицина бірыңғай цифрлық кеңістікке көшеді
14.09.2026, 20:09
Аяғын эскалатор қысып қалған әйел құтқарылды
14.09.2026, 20:08