Елбасының Жапонияға сапарына сарапшылар жоғары баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының Жапонияға сапарына сарапшылар жоғары баға берді

24.10.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Токиоға жасаған сапары екі ел арасындағы байланысты одан сайын арттыра түседі. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары Жапонияның Тұңғыш президентке деген құрметі де ерекше екенін айтып отыр.

«Күншығыс елінің 126-шы императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне Елбасының арнайы шақыртылуы соның айғағы»,- дейді мамандар. Әрі Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты шараға қатысып қана қоймай, Жапония премьер-минитрі Синдзо Абэмен де кездесу өткізгені белгілі. «Ядролық қарудан бас тартып, әлемді бейтішлікке шақырып жүрген екі елдің саяси, экономикалық қарым-қатынасы қазір де жоғары деңгейде»,- дейді сарапшылар. Қазақ-Жапон арасындағы тауар айналымы былтыр 2 миллиард доллардан асып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Әрі күн шығыс елі Қазақстанға 6 миллиард доллардан астам қаржы құйған ірі инвестор.

Ерлан Мәдиев, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

Қазақстан Жапонияның Орталық Азиядағы ең ірі экономикалық сауда-саттық әріптесі болып табылады. 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми сапары кезінде екі елдің қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілген болатын. Ол ұлғайтылған стратегиялық серіктестігі статусына ие болды. Бұл да енді екі елдің қарым-қатынастарының қарқынды дамуының бір айғағы.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу