Қасым-Жомарт Тоқаев теннис жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы атақты теннисшілерге Қазақстанға келгендері және қайырымдылық матчына қатысатындары үшін ризашылығын білдірді.
«Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін»,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Президентке кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыстарын айтты.