АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияға қарсы енгізілген санкцияларды алды. Бұл - Түркияның Сириядағы әскери операцияларын тоқтатуына байланысты қабылданған шара. Ақ үй басшысы арнайы шақыртылған баспасөз мәслихатында осылай деп хабарлады.
Трамптың айтуынша, әскери операцияның доғарылуы – Американың арқасында болған жетістік. Дегенмен, Ресей мен Сирия бұған келіспеуі мүмкін. Себебі Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған мұндай шешімді Ресей президенті Владимир Путинмен Сочи қаласындағы кездесуінен кейін қабылдаған. Соның нәтижесінде, Сириямен шекарадағы «қауіпсіз аймақтан» күрд қарулы күштерінің шығуына уақыт беріліп, аталған жерді Ресей-Түрік әскері бірлесіп күзетуге келісті. Қазір сол келісім күшіне еніп, ресейлік әскердің алғашқы легі Сирияға жіберілген.
Жансая Қапасқызы