Испаниядағы жаппай наразылық шаралары тоқтамай тұр

22.10.2019

Испанияда 3,5 мыңнан астам адам Каталонияның ішкі істер министрлігі алдында әуе шарларымен наразылық акциясына шығып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Демонстранттар көшелерге от қойып, тәртіп сақшыларына тас лақтырып, олардың көліктерін бұзған. 

Испанияда бұл шерулердің өтіп жатқанына бір аптадай болды. Соның салдарынан, 194 адам тұтқындалып, 600-ге жуығы зардап шеккен. Олардың тең жартысы – тәртіп сақшылары. 

Манифестанттар Каталонияның тәуелсіздігін және оның тұтқындалған 9 лидерін босатуды талап етіп жатыр. Дегенмен Испания премьер-министрі Педро Санчес дербестік туралы идеяның мүмкін еместігін айтты. Ол тіпті «өңірдегі жағдайды реттей алмады» деп Каталония басшысы Ким Торрамен сөйлесуден де бас тартқан. Бұған ашуланған халық ресми Мадрид келіссөздер жүргізбесе, шерулетуден тайынбайтынын ескертіп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу