Иранда наразылық шаралары тоқтамай тұр

18.11.2019

Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменей бензин бағасының көтерілуін қолдап, елдің 100-ден астам қаласына тараған шерулерді Ислам Республикасының оппоненттері мен сыртқы күштер ұйымдастырды деп мәлімдеді. 

Бұл мемлекетте жанармай нарқының күрт өсуіне қарсы демонстрациялар өткен апта соңында басталды. ИРНА агенттігінің хабарлауынша, содан бері 100 шақты банк өртеліп, мың адам тұтқындалған. 

Жұма күні Иранда бензиннің бір литрі 10 мың риалдан 15 мың лираға дейін қымбаттады. Ресми Тегеранның мәлімдеуінше, бұл шешім табысы төмен 18 миллион отбасыны немесе 60 миллион адамды арзан жанармаймен қамтамасыз ету үшін немесе мемлекеттік субсидияны 2,5 миллиард долларға жеткізу мақсатында қабылданды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу