Меркель коалициялық үкімет құра алмады

20.11.2017

Германия канцлері үш партиядан бір үкімет құра алмай, сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан, Ангела Меркель елді төртінші рет басқара ма деген мәселе қыл үстінде тұр. Алда екі ғана жол бар. Оның бірі – жасылдармен бірігіп, жаңа министрлер кабинетін жасақтау, екіншісі - парламенттік сайлауды қайта өткізу.

Айта кету керек, Меркелдің басшылығымен Германия Еуропа одағында Грекияға жәрдемдесу және Ресейге қарсы санкцияларды сақтау мәселесінде шешуші рөл ойнады.

Бұл мемлекетте парламенттік сайлау қыркүйекте өтіп, Меркель жетекшілік ететін христиан-демократтар 1949 жылдан бері ең нашар нәтиже көрсетті. Канцлердің беделінің әлсіреуіне оның елге 2015 жылы миллион мигрантты кіргізуі себепші. Есесіне «Германия үшін альтернатива» атты ұлтшылдар партиясы алғаш рет Бундестагқа өтіп отыр.  

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Бүгін терең ойланатын күн. Германия әрі қарай қандай жолмен жүреді. Канцлер ретінде өз басым алдағы бірнеше аптада тиімді басқару жүйесін сақтауға бар күшімді саламын. Ал, қазір болған іске мойынсынуға тура келіп тұр. Айтпағым, коалициялық үкімет құру туралы келіссөздерді сәтті аяқтай алмадық.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу