Премьер-Министр әкімдерге шетелден инвестиция тарту жұмысын ширатуды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр әкімдерге шетелден инвестиция тарту жұмысын ширатуды тапсырды

21.10.2019

Премьер-Министр облыс әкімдеріне шетелден инвестиция тарту бойынша жұмысты ширату қажеттігін тапсырды. Ол үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді түрде жұмыс істеу керек. Сондай-ақ Асқар Мамин өңірлерге Астана халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастық орнатуды тапсырды. Қазақстан 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін жалпы ішкі өнімнің 30 пайызы деңгейіне дейін жеткізуді көздеп отыр. Ол үшін қаржы тартуға мүмкіндік беретін 41 триллион теңгенің жобалар пулы жасақталған.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу