Инвестиция тартуға жауапты мекемелерге KPI тиімділікті тексеру жүйесі қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестиция тартуға жауапты мекемелерге KPI тиімділікті тексеру жүйесі қолданылады

28.10.2018

Инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азияда озық тұр. Тартымдылығы тұрғысынан, қаржысын әкелген компанияларға заң жағынан мүмкіндік тудыруда болсын көш ілгеріміз. Алайда, жаһандық қаржылық дағдарыс қосымша қаржы көздеріне деген күресті күшейткенін ұмытпаған абзал. Сондықтан, Қазақ үкіметі де инвесторларға деген саясатты жыл сайын жетілдіруде. Осы апта Үкімет басшысы да салаға ерекше басымдық берілгенін атап өтті. Яғни, облыс әкімдерінің жұмыс нәтижесін бағалауда инвестиция тарту мәселесі басты көрсеткіштердің біріне айналған. Себебі, сырттан тартылған қаржы экономиканың қарқыны мен өңір халқының тұрмыс сапасының артуына тікелей әсер етеді. Дегенмен де, кей өңірлердің бұл салаға қатысты жұмыстары көңіл көншітпейтіні белгілі болды. Үкімет басшысы әкімдерге жұмыстарын ширатуды, өздерін қамшылауды тапсырды. Сонымен қатар, инвестиция тартуға қатысты соны ұсыныс жасады. Бұдан былай, инвестиция тартуға жауапты мекемелер мен шет мемлекеттердегі елшілерге KPI тиімділікті тексеру жүйесі қолданылады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу