Президент жаңа әліпбиді жетілдіруді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жаңа әліпбиді жетілдіруді тапсырды

21.10.2019
Президент жаңа әліпбиді жетілдіруді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Президенті өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр»,-деп жазды Мемлекет басшысы.


Хабарламаларға жазылу