«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» Түркістан өңірін газдандыруға, энергетикамен қамтып, цифрландыруға ат салыспақ. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осындай келісімге келіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жалпы Ұлттық әл ауқат қорының қолдауымен өңірде 75 нысан салынып жатыр. Оның жетеуі- облыс орталығында. Атап айтсақ, амфитеатр, оқушылар сарайы, 7 мың орындық стадион, Қожа Ахмет Ясауи атындағы мұражай, «конгресс холл» құрылысы осы «Самұрық қазына» қаржысына бой көтеруде. Мұнан өзге "Smart City" жобасы бойынша әлеуметтік нысандарды салуға және байланыс желілерін жүргізуге 33 млрд 600 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда құрылыстың қарқыны жақсы. Амфитеатр қараша айында пайдалануға беріледі. Қалған нысандардағы жұмыс белгіленген кестеге сай жүріп жатыр.
Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:
Бұл өңірдің әлеуметтік экономикалық өсіп өркендеуіне қосқан үлкен үлес.