Алматылық оқушылар «100 жаңа есім» жобасының ұйымдастырушыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық оқушылар «100 жаңа есім» жобасының ұйымдастырушыларымен кездесті

17.10.2019

«100 жаңа есім» жобасының ұйымдастырушылары Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Өйткені жобаның өткен жылғы жеңімпаздарының арасында оқу орнының түлегі Иван Крипак та бар.

«Бұл мектептен әлі талай талантты әрі білімді балалар шығады", - дейді мамандар. Жиында жобаның маңыздылығы талқыланып, оған қалай қатысуға болатындығы айтылды. 

Айта кетейік, «100 жаңа есім» биыл үшінші рет өтпекші. Ал бұған дейін екі жылдың ішінде әр салада үздік шыққандар қоғамға таныстырылып, олардың жұмыстары жан-жақты насихатталды. Азаматтық белсенділер алдағы уақытта студенттер, әулеттермен де кездеседі.

Махаббат Есен, «Бюро 100» азаматтық тобының мүшесі:

Жасөспірімдердің арасында, жас мұғалімдердің арасында жаңа кейіпкерлерді таңдағымыз келеді. Сондықтан ең бірінші мақсатымыз - бұл жоба туралы нақты ақпарат беру.

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу