Испанияның Таррагона қаласында химиялық зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның Таррагона қаласында химиялық зауыттағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

15.01.2020

Испанияның Таррагона қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 2 адам қаза тапты. Тағы сегізі жараланған. Жарылыс пен өрттен ауаға зиянды заттарға толы қою түтін тарады. Жергілікті билік одан денсаулыққа келер қауіп-қатер жоқ дейді. Дегенмен мамандар тұрғындарға үйде қалып, есік-терезені ашпауға кеңес беріп отыр.

Оқиғадан кейін жергілікті пойыз қозғалысы тоқтап, бірқатар жолдар жабылған. Апат салдарымен күресуге 20 өрт сөндіру машинасы, 11 жедел жәрдем көлігі мен тікұшақ жұмылдырылды. Жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу