«Жусан» операциясы жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жусан» операциясы жалғасады

13.05.2019

Сириядағы қақтығыс аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтарын жыл соңына дейін толықтай елге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді.

«Жусан» операциясы арқылы елге жетіп қайта бейімделуден өткен қыз-келіншектердің бірі бүгін көзімен көргеннің бәрін баяндап берді. Күйеуінің артынан еріп барған. Жолдасы белгісіз жағдайда қайтыс болған. Көп қиындық көрген. Айтуынша, Сирияда әйелдердің өмірі азапқа толы.

Әртүрлі ағымдардың жетегіне еріп, адасып, жат жердегі соғысқа аттанған азаматтарды елге экстрадициялау операциясы қаңтарда басталғаны мәлім. Алғашқыда 47 адам жеткізілсе, мамырдың 7-9 аралығында 231 адам қайтарылды.  «Жусан» операциясына қатысушылар биыл өз миссиясын толық аяқтайды, деп күтілуде. 

Бақытбек Рахымбердиев, ҚР ҰҚК департамент басшысы:

Сирияда бізде қазір 300-ге жақын азаматтар. Ол ер адамдар, әйел адамдар және бала-шағамен бірге есептеледі. Экстрадиция департация мәселесі толығымен аяқталады деген үмітіміз бар. 

Қазір елге қайтарылған азаматтарды оңалту, қоғамдық ортаға қайта бейімдеу жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмысқа мемлекеттік мекемелермен бірге үкіметтік емес ұйымдар да тартылуда.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу