Сирияға қатысты келіссөздерде үзіліс жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияға қатысты келіссөздерде үзіліс жарияланды

04.02.2016
Сирияға қатысты келіссөздерде үзіліс жарияланды
Ол ақпанның 25-де қайта жанданбақ.

Женевада Сирияға қатысты бейбіт келіссөздер уақытша тоқтап қалды. Ол ақпанның 25-де қайта жанданбақ. Бұл туралы БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдеді.

Дипломаттың сөзінше, Сирия үкіметі мен оппозициясы басты проблемаларды талқылаудан гөрі процедуралық мәселелерге назар бөлген. Қарсыласушы тараптар келіссөздің тоқтауына бір-бірін айыптап жатыр.

Ал, АҚШ болса, бұған Мәскеудің Сириядағы әскери операциясы себеп болды десе, Ресей дискуссияның үзілуіне Сирия оппозициясы кінәлі деп мәлімдеді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу