Бразилия жағалауына мұнай төгілді

10.10.2019

Бразилия билігі адам аяғы баспаған жағалауда жүздеген мың шақырымға мұнайдың төгіліп, жайылуына Венесуэланы айыптады. Сарапшылардың айтуынша, биохимиялық талдау қоймалжың майдың сол елде өндірілгенін аңғартады. Ел президенті Жаир Болсонару оның мұхитқа қасақана төгілгенін айтып, бұл әрекетті қастандық деп бағалап отыр. Ресми Каракас оқиға бойынша әзірге еш жауап қайтармады.

Экологиялық апаттың ауқымы күннен-күнге кеңейіп келеді. Мұнай дақтары қазір 2100 шақырымға созылған 138 жағажайда анықталған. Елдің қоршаған орта министрі Рикарду Саллестің мәлімдеуінше, қыркүйектің 2-нен бастап судан 100 тоннадан астам шикізат жиналған. Дегенмен, мамандар бұл аумақты толық тазалау үшін 10-20 жыл кетуі мүмкін деп отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу