Ривьера жағалауына мұнай төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ривьера жағалауына мұнай төгілді

19.10.2018

Француз Ривьерасына мұнай төгілді. Төтенше жағдайға кипрлік және тунистік екі кеменің соқтығысуы себеп. Қазір Көк жағалаудың ақ құмы мазутпен былғанған. Әйгілі Сен-Тропе жағажайларынан да қара түсті дақтарды көруге болады. Ластанған аумақтың ұзындығы 20 шақырым, ал ені жүздеген метрге жеткен. Мұнай төгілген туристік нысандар жабылып, ол жерлерде тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған еріктілер тартылған. 

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу