Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі талқыланды

10.10.2019

Елімізде мүгедектік алу мәселелерін жеңілдетіп, жарымжан жандарға жағдай жасалуы тиіс.

Бұл туралы туралы Алматыда өткен мүгедектерді оңалту шараларын жетілдіруге арналған жиында айтылды. Мамандардың сөзінше, қазір елімізде мүмкіндігі шектеулі ретінде 700 мыңға жуық адам тіркелген. Бірақ олардың жұмыс істеулері үшін мүмкіндік аз. Шараға қатысқан швециялық сарапшылар Еуропа елдерінде мүгедек жандардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғандығын жеткізді. Өйткені қазір әлем халқының 30 пайызға жуығы мүгедектер. 

Әли Аманбаев, Қазақстан мүгедектер ұйымдарының төрағасы:

Мүгедектігі бар жандарға инфрақұрылым қызметтері қолжетімді болу керек. Жұмыс беру керек оларға.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу