Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылуда

10.07.2014
Мүмкіндігі шектеулі жандар  жұмыспен қамтылуда

«Бәріне де жұмыс бар!». Өскеменде осындай атаумен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Шара барысында қаладағы қоғамдық ұйымдармен қатар, мемлекеттік мекемелер де мүгедектерге түрлі  жұмыс орындарын ұсынды.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетіндерге кеңес берілді.

Бүгінде  Өскеменде 11 мыңға жуық мүгедек бар. Олардың 4 мыңы жұмыс істеуге қабілетті.

Темірбек Қасымжанов, Өскемен қаласының әкімі:

Осы 4000 ішінде қазіргі уақытта 1700 адам жұмыс істейді. Ары қарай да, осы бүгін өткізіп отырған жәрмеңкенің көмегімен жұмыспен қамтуды ойластырып отырмыз.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу