Атырау облысындағы сәби өліміне қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты
«Қазіргі уақытта Атырауда Денсаулық сақтау вице-министрі мен Тауарлар және қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің төрағасы бастаған комиссия жүр. Сонымен қатар, ол жаққа медицина университеттері ғылыми орталықтарының жетекші мамандарын жібереміз. Яғни, мән-жайды толықтай анықтаймыз. Өйткені тамыз айынан бері Атырау облысында сәби шетінеуі жиілеп кетті. Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен бұл мәселені қарап жатырмыз», - деді ол.
inform.kz