Германиядағы босқындарға арналған баспананың маңына белгісіз біреу граната лақтырып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы босқындарға арналған баспананың маңына белгісіз біреу граната лақтырып кетті

29.01.2016
Германиядағы босқындарға арналған баспананың маңына белгісіз біреу граната лақтырып кетті

Бұл туралы жұма күні  Spiegel-online интернет-басылымы хабарлады.

Онда оқиғаның жергілікті уақыт бойынша сағат 01-15-тер шамасында болғаны айтылады. Граната сақинасының алынып тастағанына қарамастан, ол жарылмай қалған. Кейінірек ол жарылысты бақылушы арнайы құрылғының көмегімен залалсыздандырылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғаны тергеу бойынша полиция қызметкерлерінен арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады tass.ru.

 

 

Хабарламаларға жазылу