«Баламызды ұрды»: Ақтөбеде ата-аналар шағымынан кейін балабақша жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Баламызды ұрды»: Ақтөбеде ата-аналар шағымынан кейін балабақша жабылды

24.11.2023

Баламызды ұрды деп қызметкерлерінің үстінен ата-аналар арызданған Ақтөбедегі балабақша жабылатын болды. Облыстық білім басқармасының өкілдері осындай шешім қабылдапты.

Бір топ ата-ана шағымданып, балаларының денесі көгеріп, бет-ауызы қызарып келетінін айтқан еді. Тіпті бір сәбидің анасы балабақшаның ішін бейнекамераға түсіріп, біраз олқылықты анықтаған. Даулы оқиғаны арнайы комиссия мен полицейлер тексеріп жатыр. Ал облыстық білім басқармасы балабақша құрылтайшысымен келісімді тоқтатқан.

Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Бүгінгі күннен бастап қызметін тоқтатты.Ал, осы мекемеге барып жүрген, мемлекеттік тапсырыс негізінде барып жүрген 710 баланы ата-аналардың келісімімен басқа балабақшаларға беру жоспарланып отыр.Балаға жасалып отырған жағдай, баланың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер зерделенді және бұл бағытта кемшіліктер анықталды.


Хабарламаларға жазылу