Атырауда белгіленбеген орында заңсыз карьер қазған азаматтар ұстылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда белгіленбеген орында заңсыз карьер қазған азаматтар ұстылады

02.08.2019
Атырауда белгіленбеген орында заңсыз карьер қазған азаматтар ұстылады

Олар қала іргесіндегі аумақта жер қазып, табиғатқа айтарлықтай залал келтірген. Топырақты қазып әкетіп отырған пысықайлар , Атырау-Астрахань күре жолында құрықталды. Заң бұзғандар, осы уақытқа дейін топырақты экскаватор арқылы екі жүк көлігіне тиеп келген. Бүгінде, аталған оқиғаны мамандар бүге-шүгесіне дейін жіті тексеріп жатыр.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Табиғатқа келтірілген шығын мөлшерін анықтау үшін, қазір жинақталған материал экологтарға жолданды. Сәйкесінше, келтірілген шығын мөлшеріне қарай, жүргізушілерге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылуда.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу